Құдайберген Арымбек Энергетика вице-министрі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

арымбек
Фото: ҚР Үкіметі

1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады.

2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар