Кудрин Путин төртінші мерзімге сайлануы мүмкін екенін айтты

«Владимир Владимирович Путинде тағы бір рет сайлануға конституциялық құқығы бар, - деп еске салды Кудрин. - Менің ойымша, ол бұл құқығын пайдаланады».
Осыған дейін Путин келесі президенттік сайлау туралы мәселені өткен жылдың желтоқсан айында болған үлкен баспасөз мәслихатында қозғаған болатын. «2018 жылғы президенттік сайлау туралы шешім қабылдауға әлі ерте. Мемлекет игілігі үшін жұмыс жасау керек. Жұмыс қорытындысы бойынша, кім сайлауға баратыны туралы шешім қабылдау қажет. РФ азаматтарының мүдделері үшін еңбектену керек», - деген екен сол кезде Путин.
2014 жылдың қарашасының соңында ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Путин 2018 жылғы сайлауға қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Ол, Конституция мұндай мүмкіндікті беріп отырғанын айтты. Алайда бұл құқықты пайдалана ма, жоқ па екенін әлі білмейтінін жеткізді.