Құқық бұзушылықтың алдын алу саласын құқықтық реттеу үшін Қазақстанда барлық қажетті жағдайлар қамтылған

Бүгін Парламент Сенатында «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында палатаның вице спикері Александр Судьин осылай деді. «Елдегі криминогендік жағдайдың күрделі ахуалын, жастар арасында қылмыстардың өсуін ескерсек, қылмыстардың алдын алу жергілікті атқарушы органдардың, білім, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау мекемелері жұмысының басты бағыттары болуы шарт. Қылмыспен және құқық бұзушылықпен күреске барынша мән беруде алдын алу жұмыстарының құқықтық реттелуі де барынша маңызды болып табылады», - дейді А.Судьин.
Оның айтуынша, алдын алу шараларын құқықтық реттеудің іргелі мәні Конституция нормалары болып табылады. Осы Негізгі құжатта алдын алу жұмыстарының негізгі қағидаттары қамтылған. Жеке тұлғаның құқын қорғау және оны құқыққа қайшы әрекеттерден сақтау туралы маңызды ережелер Қазақстан қосылған халықаралық құқықтық актілерде де қарастырылған. Ұлттық заңнамада да күшті алдын алу әлеуеттері бекітілген.
«Сонымен бір мезгілде бүгінгі таңда, әсіресе мүліктік қылмыстардың, маскүнемдікпен күресте, әлеуметтік жағымсыз жайттардың алдын алуда, көші қон саясатын жетілдіру шараларында қолданылатын заңнама актілерінің талаптарын арттыру маңызды болмақ»,- деді вице-спикер.