Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шағын футболдан шеберлік байқасты

ПЕТРОПАВЛ. 29 шілде. ҚазАқпарат - Петропавлда құқық қорғау органдары арасында өткен «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының жазғы спартакиадасы қорытындыланды. Аталмыш шара шағын футболдан жарыспен аяқталды,

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шағын футболдан шеберлік байқасты

деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Дәстүрлі жазғы спартакиадада өңірдің барлық құқық қорғау органдарының өкілдері бақ сынасты. Тартысты дода кезең бойынша өтті. Оның аясында президенттік көп сайыс, гір көтеру және шағын футбол сынды спорттың үш түрі бойынша күш құрлымдары мықтылықтарын сынады.

«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының бөлім бастығы Галина Скорыхтың айтуынша, алғашқы екі сын мамыр айының соңындағы президенттік сынақ және маусымның ортасындағы гір тасын көтеру спорты сәтті өтті. Спартакиаданың екі түрінің қорытындысы бойынша СҚО ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және қалалақ ІІБ-ның дене шынықтыру ұжымдары көш бастап келеді.

Шағын футболдан ақтық сынға 2032 шекаралық әскери бөлімі қызмететінің және қалалық ішкі істер басқармасының құрама командалары жолдама алды. Ойын өте тартысты өтті. Спортшылар ептіліктері мен шыдамдылықтарын танытып, екі команданың қақпасына да доп түсті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Үздік команданы анықтау үшін футболшылар айып доп соғуды бастады. Қақпашы аға лейтенант Тимур Бимаковтің шеберлігі арқасында, полицейлер қарсыластарын тізе бүктірді.

Нәтижесінде Петропавл қалалық ІІБ тәртіп сақшылары жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орын - шекарашыларға бұйырды. Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің құрамасы үшінші дәрежелі сыйлықпен марапатталды.