Құқық қорғаушылар Мәскеу метросынан Сталинді еске түсіретін белгілердің барлығын алып тастауды талап етті

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - «Адам құқығы үшін» қозғалысының құқық қорғаушылары Мәскеу мэрі Юрий Лужковқа Мәскеу метросының айналма желісіндегі «Курск» стансысының вестибюлінен Иосиф Сталинді еске түсіретін белгілерді алып тастауды талап еткен және бірнеше жүз адамның қолы қойылған ашық хатты жолдаған.
None
None

 Атақты құқық қорғаушы Лев Пономарев әзірлеген хаттың мәтіні қозғалыс сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Үндеуге қол қойғандардың ішінде жазушы Борис Стругацкий және РФ қоғамдық палатасының мүшесі Алла Гербер, сондай-ақ  сталиндік қуғын-сүргіннен зардап шеккендердің туыстары бар.

Қалпына келтірілген «Курск» стансысының вестибюлі 2009 жылғы тамыздың 25-інде ашылған болатын. Онда Сталиннің аты аталған КСРО әнұранынан келтірілген цитатаның пайда болуы вестибюльді 1949 жылғы жобаға сәйкес қайта құрумен түсіндіріледі. Дегенмен, онда 50-ші жылдардың аяғына дейін тұрған Сталиннің мүсіні вестибюльге қайтарылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар