Құлсарыда газ-ауа қоспасы жарылып, 2 адам қаза тапты

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының Құлсары қаласында 30 мамырда сағат 18:45 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстан 14 адам зардап шекті. Оның 2-еуі қайтыс болды.

Атырау облысының Құлсары қаласында газ-ауа қоспасының жарылды
Фото: Видеодан скрин

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған. 

Жарылыстың салдарынан жақын орналасқан бір қабатты құрылыс, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенген. Алдын ала мәліметке сәйкес 14 адам зардап шеккен. Оның ішінде 2 адам қайтыс болған. 

Қазір өртті сөндіру жалғасып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы атыстан 3 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар