Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталады

АТЫРАУ. KAZINFORM — Бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді. Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.

Тұрғын үй
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

– Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарланып отыр,- дейді Н.Құсайынов.

Строительство 150 домов для пострадавших от паводка начнется в Кульсары
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады.

строительство в Кульсары
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу да жоспарда бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды. 

Строительство 150 домов для пострадавших от паводка начнется в Кульсары
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

 

Соңғы жаңалықтар