Атырау облысында жоғалып кеткен 8 жасар қыздың мүрдесі табылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында 8 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Түн ортасында оның мүрдесі Жылыой ауданындағы Құрсай өзегінен табылды.

Мобильді кешен орнатылған полиция көлігі арнайы шамын жақпай жүрсе, заңбұзушылық болып есептеле ме
Фото: Kazinform

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

– Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында тұратын 2018 жылы туған жасөспірім 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Оның үйінен кеткені туралы хабар полиция бөліміне кешкі сағат 21:28 шамасында түсті. Жасөспірімнің жоғалған бағыты белгісіз болғанына байланысты Құлсары қаласындағы барлық камерадағы жазбалар зерделенді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған жасөспірімді іздеуге Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тартылды. Тұрғындар да көмекке келді.

– Бүгін 6 маусымда түнгі сағат 2:19 шамасында Құрсай өзегінен жасөспірімнің денесі табылды. Қазір аталған дерекке байланысты сараптама тағайындалды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Қамыскөл көліне шомылуға уақытша тыйым салынғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар