Құлсарыда арнайы операциядан кейін лаңкестікке күдікті деп танылған тірі қалған ер адам жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

АТЫРАУ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Құлсарыдағы арнайы операциядан кейін лаңкестікке күдікті деп танылған тірі қалған ер адам жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Құлсарыда арнайы операциядан кейін лаңкестікке күдікті деп танылған тірі қалған ер адам жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Айбек Ғабдуллиннің айтуынша, 13 қыркүйек күні Құлсарыдан тікұшақпен жеткізілген 20 жастағы ер адамның сол кезде жағдайы нашар болды. Оны жансақтау бөліміне жатқызды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ол тамақ іше алады, палатаға ауыстырылды.

Палата да, жалпы алғанда облыстық аурухана да тәулік бойы күшейтілген күзетте болуда. Содырлардың шабуылынан кейін ҚІІБ ғимаратының күзеті күшейтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Құлсарыда 2012 жылдың 12 қыркүйегінде арнайы операция жүргізіліп, сол кезде лаңкестке күдікті деп танылған бес адам өлтірілді.