Құлсарыда жыл соңына дейін емхана, мектеп және балабақша ашылады - Атырау облысы
АТЫРАУ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құлсары қаласында шағын қалалардың қатарына енген жалғыз елді мекенде емхана, мектеп пен балабақша салынады.
Жылыой ауданының әкімі Максим Ізбасовтың хабарлауынша, жыл соңына дейін күніне 250 адамды қабылдай алатын емхана, 280 орынға шақталған балабақша мен 624 оқушыға арналған мектеп пайдалануға беріледі.
Оған қоса, 300 орынға шақталған тағы бір мектептің құрылысы басталды. Ал 2015 жылға дейін Құлсарыда әрқайсысы 250 орынға арналған 2 балабақша салынады.