Құлжа, Самарқанд, Пусан: Қазақстан биыл бірнеше бағытқа жаңа әуе рейстерін ашады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Қазақстан 32 халықаралық әуе рейсін іске қосады. Оның 15-сі мүлде жаңа бағыттар болмақ. 

Құлжа, Самарқанд, Пусан: Қазақстан келесі жылы бірнеше бағытқа жаңа әуе рейстерін ашады
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Биыл 32 жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады. Оның ішінде 15 қала — Қазақстан үшін мүлдем жаңа бағыт. Бұл бағыттардың басым бөлігіне Air Astana мен SCAT қызмет көрсететіні көңіл қуантады. Оның сыртында біздің әуе тасымалы нарығына 5 жаңа лоукестер кіріп отыр. Бұл — «Ашық аспан» режимінің арқасы, — деді Көлік министрі Марат Қарабаев Сенатта өткен Үкімет сағатынан кейін.

Министрлік ұсынған қосымша мәліметке сүйенсек, тікелей рейстер мына бағыттарды қамтымақ:

* Мюнхен

• Мысыр

• Гуанчжоу

• Шаңхай

• Дананг

• Абу-Даби

• Хургада

• Пусан

• Ош

• Мумбай

• Құлжа

• Рим

• Газипаша

• Будапешт

• Самарқанд

Ал жаңа лоукостерлердің тізімі мынандай:

1. Spice Jet (Үндістан)

2. Thai AirAsia X (Таиланд)

3. Easter Jet (Оңтүстік Корея)

4. T’Way Air (Оңтүстік Корея)

5. Air Arabia Abu Dhabi (БАӘ).

Бұған дейін Вьетнамдық инвестор Qazaq Air әуе компаниясының атауын өзгерткенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар