«Құмсай» кенішіне жер қойнауын пайдалану құқығы берілді

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте «Құмсай» кенішіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі өтті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Оңтүстік» ӘКК баспасөз қызметінен хабарлады.«Оңтүстік» ӘКК» ұлттық компаниясы Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан «Құмсай» кенішінің құмдақ топырағын барлау және өндіру жобасына қатысу туралы инвестициялық комитеттің шешімін жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы Қызылорда облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен келісімшарт жасасқан болатын. «Құмсай» телімін барлау және өндіруді жүзеге асыру үшін жарғылық капиталы 1,4 млн. теңге бірлескен заңды тұлға құрылды, оған «Оңтүстік» ӘКК және жеке кәсіпкер Кемалдин Жаниязов қатысушы болды. ӘКК-нің жер қойнауын пайдалану саласындағы мүддесін білдіруге уәкілетті басқарма төрағасының орынбасары Бердібек Жаңабаев пен кәсіпкер Кемалдин Жаниязов жер қойнауын пайдалану құқығын жаңа кәсіпорынға беру туралы шешімге қолдарын қойды. «Құмсай» ЖШС қызметінің басты бағыты кеніште пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, күйдірілген кірпіш шығару болмақ.«Бұл - жасалған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің алғашқы мәмілесі. Жаңадан құрылған кәсіпорын Арал ауданының Сексеуіл аулында жұмыс жасайды. Бұрын мұнда ешқандай өндіріс болмаған, енді ауылда жаңа жұмыс орындары ашылады ? маусымдық жұмыстарға 30-ға дейін адам тартылады», - деді Бердібек Жаңабаев.
Соңғы жаңалықтар