Құмырсқалар жасаған «Эйфель мұнарасы» видеоға түсірілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Джорджия технологиялық институтының ғалымдары құмырсқалар өз дене құрылымдары арқылы Эйфель мұнарасына ұқсайтын конструкцияны жасай алатынын анықтады.
None
None

Биологтар сараптамаларының бірі түсірілген видео PPhys.org сайтында жарияланды. Одан құмырсқалардың бір-біріне жармасып, қалайша көпір мен тік құрылым жасай алғандығы көрінеді.

Зерттеушілердің айтуынша, әрбір құмырсқа осы құрылымда үш тұқымдасын ұстап тұра алады. Бұл байланысты сақтау үшін және салмақты дұрыс бөлісуді қамтамасыз ету үшін бунақ аяқтылар негізгі құрылымды кеңейтіп, өзге  жәндіктердің құрылымның биіктігін өсіруіне мүмкіндік береді.

Зерттеушілер байқағандай, ең астында тұрған құмырсқалар құрылысты тастап, шыңға шығып, құрылымның бір бөлігіне қайта айналады, кейін біртіндеп іргетасқа қарай жылжиды.

 

Соңғы жаңалықтар