Күн райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – 11 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті. 

Күн райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұлытау облысы

– «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 433-750 шақырым аралығындағы (Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейін); 

Ақмола облысы

– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);

– «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автомобиль жолының 0-82 шақырым аралығындағы (Ақсай елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);

– «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автомобиль жолының 915-1002 шақырым аралығындағы (Жақсы елді мекенінен Атбасар елді мекеніне дейін);

– «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автомобиль жолының 537 — 552 шақырым аралығындағы (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін);

Қостанай облысы

– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 218-232 шақырым аралығында (Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін). 

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бұдан бұрын 11 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық тұрғанын хабарлағанбыз.