Күн сайын онға жуық жат діни идеологияны насихаттайтын сайттар анықталуда - Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Дін істері агенттігі діни әдебиеттерге ғана емес, діни сайттарға да сараптама жасауда. Бұл туралы кеше агенттіктің Қазақстандағы діни ахуал мәселелері жөніндегі консультациялық-сараптамалық кеңесінің Алматыда өткен көшпелі отырысында айтылды.
None
None

«Күн сайын еліміз бен шет елдегі діни ахуалға мониторинг жасап отырамыз. Ол агенттіктің сайтында да жарияланып тұрады. Сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары, талдау орталықтары мен дінтанушылар конгресімен бірлесіп діни әдебиеттерге сараптама жүргізіліп жатыр. Оған Философия, саясаттану және дінтану институтын белсенді түрде атсалысуға шақырамыз», - деді Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуов. Оның айтуынша, орталық қызметкерлері күн сайын 10-ға жуық жат діни идеологияны белсенді түрде насихаттайтын сайттарды анықтауда. Қазақ, орыс тілінде жұмыс жасайтын бұл сайттардың жабылған соң да атауын өзгертіп, түрлі атаумен өз жұмысын қайта жалғастыратын жағдайлары жиі кездесуде. Бұл қазіргі таңда ең көкейкесті мәселе болып отыр.

Соңғы жаңалықтар