Күндізгі сессияның қорытындысы: Доллар - 148, 15 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебімен ресей рублінің орташа бағамы 1 бірлік үшін 4,1550 теңгені құрап, сауда көлемі 3 500 мың рубль болды. Еуро рублі бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында сұраныс 1 еуро үшін 191,00 теңге болды, бірақ ұсыныс болмады.Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,15 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 32 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,13/148,15 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Астана уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,34/148,58 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар