Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құндылығымыз - тәуелсіздік, мұратымыз - мәңгі ел болу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі Қазақстан - қоғам өмірінің барлық саласында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел, деп жазады «Айқын» басылымы.

Құндылығымыз - тәуелсіздік, мұратымыз - мәңгі ел болу

 Әлем таныған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сын­дар­лы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қа­зақ­стан халқы мақтан тұтады. 

Экономикалық өсімнің бә­сеңдеуі әлемнің барлық эконо­микаларында да көрініс тауып отыр. Ағымдағы жылдың күзіне дейін Халықаралық валюта қоры өзінің болжамын алты рет қайта түзетуге мәжбүр болды: даму көр­сеткіштерін бестен үшке дейін түсірді. Бұл да шек емес. 

Қазір және басқа кезде де біз­дің дағдарысқа қарсы басты үш стратегия ол өсім, реформалар және даму атты маңызды түсі­ніктермен тепе-тең. Біріншісі, бұл - өсім. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қо­сылуы үшін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қа­жеттігін қадап айтты.
Таяудағы он жылдықта Қа­зақстанның алдында тұрған мін­деттер: экономиканың жыл са­йынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; өңделген тауар­лардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 мил­лиард долларға дейін жет­кізу; экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 мил­лиард доллардан астамға ұл­ғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде - кем дегенде 100 мил­лиард долларға жеткізу; 660 мың­нан астам жаңа жұмыс орында­рын құру, еңбек өнімділігін 2 есе­ден астамға арттыру. Экономи­ка­лық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүм­кін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қам­тамасыз етіле алады. 
«Екіншісі, бұл - реформалар. Олар экономиканың, қоғамның және мемлекеттің тұрақтылы­ғын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта біз «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын жүзеге асырудамыз. Олар өзінің ауқымы жағынан біз­дің 90-жылдарда жүргізген ауқымды реформаларға сай келеді. Бізге мемлекеттік және корпоратив­тік менеджментті, қаржылық және фискалдық секторды ба­рын­ша терең реформалау өмір­лік қа­жеттілік» деді Елбасы.
Ұлт көшбасшысы үшінші - даму екендігін айта келе: «ХХІ ға­сырда дамудың басты факторы қоғамның барлық салаларын­да­-ғы үздіксіз жаңғырту. Біз Жалпы­ға ортақ еңбек қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, ха­лық­тың ең осал тобына атаулы кө­мек ұстанымдары негізінде бар­­­лық мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттардың ауқым­ды түрленуі бойынша жұмыстар жүргізудеміз» деді Н.Назарбаев.
Елбасының қалың бұқараға жол тартқан 5 реформаны орын­дауға бағытталған Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» аясында елі­міздің өңір-өңірінде, түкпір-түк­пі­рінде және барша салаларында қы­зу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте «Алдымен экономика, одан кейін саясаттың» ұстаны­мына орай еліміздің экономика саласының мамандары жұмыла іске кірісуде. Яғни, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әлемдік дағдарысқа қарсы нағыз мезгілінде дүниеге келгеніне көзіміз тіпті жете түсті. 
Бүгінде Елбасы экономиканы әртараптандыру және оны ши­кі­заттық емес, жоғары техноло­гиялық жолға қайта бағдарлау жө­нінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қарқын алып келеді. Жаңалық пен ғы­лым­ды, технологияны, техника­ны өндіріспен тығыз байла­ныс­тыру мақсатындағы «Индустрия­лық-инновациялық даму» бағ­дарламасы арқылы мемлекеті­міздің экономикасының дұрыс жолға қойылуы қадағаланады. Сол себепті, осы бағытта атқа­ры­лып жатқан асқаралы міндеттер мен табанды еңбектердің бар­лығы ел мүддесін көздейді. Яғни, еліміздегі жүріп жатқан иннова­циялық-технологиялық даму бағ­дарламасының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылым­дау. Бұл - өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәй­кес корпоративті құрылым­дарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімді ыңғайда сервисті-тех­нологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік рыноктарда бәсекеле­су­-ге қабілеттілігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр.
Мемлекет басшысы айтқан­дай, еліміздің әлемдік аренада дамы­ған отыз ел қатарына ену жолындағы жоспары екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады. 2030 жылға дейінгі ал­ғаш­қы кезеңде бар мүмкіндікті пайдаланып, индустриялық-ин­новациялық тұрғыда дамудың даңғыл жолына серпіліс жасау, ал екінші кезеңде, яғни 2030 бен 2050 жылдар аралығында ғылым­ға негізделген экономикаға қол жет­кізу басты мақсат. 
Менің ойымша, Президенттің ғылымға негізделген экономика қа­лыптастыру туралы тапсыр­ма­сы ғылым мен инновациялық технологияларға баса назар ауда­ру қажеттігін білдіреді. Эконо­ми­каның ғылыми қамтымды мо­делін енгізу Қазақстанның экс­порттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздей­-ді.

Яғни, біз үшін алдағы 15-17 жыл Қазақстанның кең ауқым­ды серпіліс жасауы үшін «мүмкін­діктер кезеңі» болатыны айқын. Осы ретте айта кететін бір жайт, Жолдаудың басымдықтарының бірі - инновациялық индустрия­ландыру трендін күшейту. Енді біз елді инновациялық-индус­триялық дамыту бағдарламасы­нан ғылымға негізделген эконо­ми­калық стратегияға бірте-бірте ауысуымыз керек. Ал индустрия­ны жоғары деңгейде ұстап тұру үшін ғылым керек, ғылымға не­гіз­делген экономика керек. 
Ғылыми қамтымды экономи­ка құру - ең алдымен Қазақстан эко­номикасының инновация­-лық әлеуетін арттыру болып та­бы­­лады. Бұл бағыт бойынша вен­чурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сон-дай-ақ ғылыми әзірлемелерді ком­мерцияландыру жөніндегі заң­наманы жетілдіру болып та­былады. Ғылымды қаржылан­дыру көлемін біртіндеп артты­рып, оны дамыған елдердің көр­сеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажеттігі айқын кө­рінеді. Яғни, экономиканың жо­ғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қар­жыландыруды ішкі жалпы өнім­нің 3 пайызынан кем емес дең­гейге дейін арттыруды талап етеді.
Соңғы жылдары еліміздің кө­лік-коммуникация кешенінің не­гізгі көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді. Көлік жүйесінің инфра­құрылымын дамыту және инте­гра­циялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға қарай республика Еуропа мен Азия өңірлерінің нарықтары ара­сындағы негізгі логистикалық опе­­раторы және басты транзит­теу­шісіне айналуы тиіс. Сол тұста Қазақстан арқылы транзит көлемі екі есеге артып, 30 млн тоннаға же­теді деген жоспар бар.
Бүгінгі күні құрылысы аяқта­луға жақын қалған, ғасыр жобасы атанған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің елі­міздің экономикасына берері көп. Бес ғасыр өткеннен кейін қайта жанданып отырған Ұлы Жібек жолы бойындағы өңірлер­дің дамуы қарқын алып, ішкі және сыртқы сауда дамиды. Мұ­хит­тар мен теңіз жолдарынан алыс жатқан Қазақстанның те­ңізге шығу мүмкіндігі артып, кө­лік кешенінің қарқыны еселеп артады.
Көлік инфрақұрылымы - ин­дус­триялық экономика мен қо­ғамымыздың тамырына қан жү­гір­тетін басты жүйе. Елімізде «Ас­тана - Қарағанды - Алматы», «Астана - Павлодар - Өскемен», «Алматы - Қапшағай - Өскемен» автожолдарын салу басталды. Осы бағыттар бойынша пойыз­-дар қазірдің өзінде екі есе жыл­-дам жүріп жатыр.
Теміржолдар құрылысы өңір­лік және тіпті жаһандық ауқымда да нағыз дүмпуді бастан өткерді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда 2500 шақырым жол салынды. Қазақстан - Түрікмен­стан - Иран халықаралық же­лісінің учаскесі, Қытай мен Еуропа арасында жүк жеткізуді же­делдеткен Жетіген - Қорғас магистралі салынды. Жаңа Жез­қазған - Бейнеу, Арқалық - Шұбаркөл, Ақсу - Дегелең, Хромтау - Алтынсарин, Шар - Өскемен жолдары арақа­шық­тықты жүздеген шақырымдарға қысқарта отырып, елдің солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлерін өзара тікелей байла­ныстырды. Ақтоғай - Достық жолының транзит үшін шешуші учаскесінің өткізу қабілеті ұл­ғайтылды.
Соңғы жылдары еліміздің эко­номикалық өскені қуантады. Ең­бек өнімділігінің 60 пайыздан ас­тамға артқаны байқалып отыр. Давос экономикалық форумы­ның Жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-орынға ие болды. Бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рей­тингінде Қазақстан 41-позиция­ны иеленді. Рейтингте мұндай жо­ғары көрсеткіштікке қол жет­кізу ең алдымен инновацияларды дамыту мәселесінде жұмысты елеулі жақсартуға қол жеткізіл­гендігі септесті. Осы нәтиже, сон­дай-ақ халықаралық сарапшы­лардың оңды пікірлері біздің дұ­рыс жолда келе жатқанымызды көрсетеді.
«Қазақстанның дағдарысқа қар­сы мүмкіндіктері» атты Жол­даудың 2-тарауында: «Қазақстан­да инновациялық индустриялан­дыру шеңберінде құрылған эко­но­миканың жаңа секторлары эко­­номикалық өсімнің драй­вер­леріне айналуда. Көптеген өң­деу­ші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құ­ры­лыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шы­ғару 2,2 есе, экспорт 3 есе арт­ты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биыл­ғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнер­кәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Ми­нералды өнімдер өндірісі 3,2 па­йызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. «Шикізат секторындағы тө­мендеудің есесін біз шикізаттық емес салалар есебінен толтырдық. Қызмет көрсету саласында өң­деуші кәсіпорынның өсімі қам­тамасыз етілді. Биыл егін жақсы жиналды - 22 миллион тонна ас­тық және майлы дақыл алынды. 
7 миллион шаршы метрлік бас­пана пайдалануға берілді. Тәуел­сіздік алғаннан бері 1300-ден ас­там денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошақ­тары салынды. Олардың бар­лы­-ғы да ең соңғы үлгідегі құрал­дар­мен жабдықталды. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақ­стан үшін 2016 жылға жоғары эко­номикалық өсу қарқынын бол­жап отыр» деді Президент. Сон­дай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев биыл қиындықтарға қарамастан, өңірлер экономикасынан күті­ле­тін өсім 2 пайыз мөлшерінен аз бол­майтынын айтты. Жолдауда атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурс­тары бойынша көшбасшы елге айналуы шарт.
Қазіргі уақытта технология­-­лық даму жөніндегі ұлттық агент­тіктің құзырында инновациялық жоба­ларды қолдауға арналған құ­ралдардың тұтастай тізбесі бар. Олар - ең алдымен инновация­лық гранттар, венчурлық қар­жыландыру, технологияларды шет елдерден трансферттеу және елдегі инновациялық белсен­ді­лікті арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар боллып келеді. Был­тырғы жылдың өзінде мемлекет­тік қолдауға ие болған жоба­лар­-ды жүзеге асыру барысында 1100-ден астам жаңа жұмыс орны ашыл­ған болатын, 930,3 млн тең­ге көлемінде салық төленіп, 33,3 млрд теңгеге өнім шыға­рыл­ды. Бұл ретте мемлекет тарапынан бөлінген әрбір теңгеге 1,38 теңге жеке инвестициялар тартылған­дығын атап өту қажет. Өткен жылы мемлекеттік гранттарға тап­­сырылған өтінімдер саны 50 пайызға өскен. 
Қазақстан экономикасының өсімін инновациялық индустрия­ландыру аясында құрылған жаңа секторлар қамтамасыз етуде. Өсімді сонымен қатар көптеген өңдеуші салалар да қамтамасыз етіп отыр. Яғни, Қазақстан эко­номикасының инновациялық әле­уетін арттырған жөн. Бола­шақтың экономикасын құру үшін негізін қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды интел­лект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және ин­жи­ниринг салаларында білік­ті­лікті дамыту қажеттігі туындайды. Мұны тек тиімді ғылыми-иннова­циялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назарбаев уни­верситеттің «Астана бизнес кам­пусы» хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» тех­нопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. 
Осы жылы «Астана» ха­лықа­ралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, при­ват-банкинг және қайта сақтан­дыру салаларында өңірлік хаб бо­лады. Қазақстан күшті инсти­туттары, білікті, тиімді және бол­жамды үкіметі бар өңірдегі көш­басшы елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлем­дік деңгейдегі инфрақұрылым­-дар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі жаһандық дағдарысты жағдай­ларға байланысты Елбасы атал­-ған қиындықтардан шығудың нақ­ты 5 бағытын айқындап бе­руінде болды. Біз білім саласы­ның мамандары үшін ең маңыз­дысы адам капиталына инвести­ция салу, адам капиталын дамыту екендігі сөзсіз. Адам капиталын дамыту арқылы Қазақстанның болашағы жарқын болады. Яғни 1993 жылы қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, «Бола­шақ» стипендиясын бекіту ше­шімін қабылдаған, Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен қайсарлығы деп білеміз.
Елбасы өз сөзінде білім беру саласына ешқандай қаржылық қысқарту болмайтындығын, қол­дау көрсетіле беретіндігін айтты. Бұл білім саласында қызмет ат­қаратын барлық қызметкерлер, мұғалімдер, оқытушылар үшін қуанарлық жағдай. Әрине, бұл Елбасының көрегендігі, страте­гиялық бағыттағы жұмыстарды шешудегі ең үздік ұсынысының бірі деп білеміз. Өйткені адам капиталын дамыту арқылы бар­лық дағдарысты шеше аламыз. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев Жолдауда мектеп түлекте­рінің барлығы жоғары оқу орны­на түсе алмайтындығын, солар үшін мемлекет жаппай кәсіптік-техникалық мамандықтарды те­гін меңгеруге мүмкіндік беріп отыр­ғандығын атап көрсетті. Бұл да инновациялық-индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалғасы іспетті. Өйткені бірі - дәнекерлеуші, бірі - құрылысшы, бірі - аспаз мамандығын игерген жастар ел экономикасының өр­кен­деуіне қызмет ететін болады. Өз кезегінде мыңдаған жас жұ­-мыс орнымен қамтылады деген сөз. Техникалық және кәсіби бі­лім беру инвестициялық саясат­тың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германия­мен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар да­йындау орталығын бірлесіп құру қажеттігін айтып өтті. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кә­сіби білім беру жүйесінің моделі болып қала бермек. 
ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігінің ұйымдастыруымен базалық жоғары оқу орын­да­рын­дағы және колледждердегі ин­дустрия­ландыру үшін кадрлар даярлау бойынша жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа жоғары оқу орындарына әрі қарай тара­туды көздейтін экономиканың басты 6 саласы үшін 10 колледжде және 10 жоғары оқу орнында бі­лікті кадрларды даярлау 100 нақ­ты қадам атты президенттік 5 ре­форманы іске асыру шеңберінде белгіленген мақсаттың бірі болып табылады. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және Қазақстан Республикасын ин­дустрия­лық-инновациялық да­мытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру мақсатында ба­залық жоғары оқу орын­дары­ның және колледждердің даму бағдарламасы әзірленді. Осы бағ­­дарламаға және елімізді ин­дустрияландырудың екінші бес­жылдығының басымдықтарына сәйкес 2015-2017 жылдарға кадр­ларды даярлау жүргізілетін бо­лады.
Екі басым ұлттық иннова­ция­лық кластерлердің - Астанадағы Назарбаев университеті мен Ал­ма­тыдағы Инновациялық техно­логиялар паркін одан әрі дамыту үшін қажетті инновациялық эко­жүйе жасалуда.
Мысалы, Назарбаев универ­ситетінің инновациялық клас­терін дамыту аясында қазірдің өзінде қажетті ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы жасалды және оған ғылымның түрлі сала­ла­ры­нан 350 шетелдік ғалым тартыл­ды. «Астана бизнес кампус» ғы­лыми саябағы аумағына әлемдік деңгейдегі жоғары технология­лық компанияларды тарту мақ­сатында 90-нан астам компания­лармен келіссөздер жүргізіліп, ал­тауымен меморандумдарға қол қойылған. Корпоративтік R&D орталықтарын орналастыру, ша­ғын және орта бизнестің жоғары технологиялық нысандары, стар­таптары; инновациялық эко­жү­йесін құру жоспарлануда. Онда сондай-ақ «ғылыми-зерттеу­лер­дің нәтижесін коммерциялан­дыру туралы» заң әзірленетін болады және индустриялан­ды­ру­дың мемлекеттік бағдарламасы қажеттіліктеріне ғылыми грант­тар мен бағдарламалар құры­лы­мын қайта бағдарлауды өткізеді.
Негізгі басымдық инвести­цияларды тартуға беріледі. Бюд­жеттік қаражат есебінен жоба­ларды жүзеге асыру толықтай тоқ­татылады, қаражаттар енді жекеменшік сектордан немесе мемлекеттік жекеменшік серік­тестік аясында тартылады. Соны­мен бірге, Қазақстанда аймақ­-тық ерекшеліктерге байланысты инвестициялық әріптестікті өңірлерде дамыту көзделген. Сон­­дық­тан келесі жылға жоба­ларды жүзеге асыруды көздейтін бұл бағ­дарлама мен «Нұрлы жол» бағдарламасы өңірлерде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыруға, жаңа моделді жүзеге асыруға мүмкін­-дік береді. Меніңше, бұл Жолдау жақсы серпін береді. 
Қазақстан әу бастан-ақ осы заманғы нарық экономикасын құруға күш салғаны белгілі. Мұ­ның өзі халықаралық қоғамдас­тықтан лайықты бағасын алды. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып, өзі­нің сипатына қарай нарықтық мемлекет деп танылды. Сонымен бірге, сапалық серпілісті және әлем­нің бәсекеге ең қабілетті елдерінің деңгейіне көтерілуді қамтамасыз ету үшін бәсекелі на­рықтың базалық жағдайлары - бір медальдің екі жағы секілді бә­се­келестік орта мен мөлдірлік әлдеқайда күшейтілуі тиіс.
Яғни, әлемнің ең күшті деген елдерімен тең жағдайда сөйлесе алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жү­йесінің мөлдірлігін қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс.
Ел экономикасына инвести­ция тарту тасқыны толастаған емес. Қазіргі уақытта біз бай­­қап отырған күрделі сыртқы эко­но­микалық жағдайларға, геосая­си сын-қатерлерге қарамастан, Қа­зақстан экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екендігін дәлелдеп келеді. Қа­зақ­стан географиялық тұрғыда дәс­түрлі өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін оңтайлы орналас­қан, сонымен бірге, Қытай, Үнді­стан және Таяу Шығыстың на­рық­тарына шығу мүмкіндігі бар екендігі белгілі.
Бүгінгі таңда Global тізіміндегі 25-тен астам ірі инвесторлар өз­дерінің осындағы өндірістерін кеңейту және жаңа өндіріс ашу үшін жұмыс істеп жатыр. Олар­дың арасында «Тойота», «Кока-кола» сияқты ірі инвесторлар бар. Сонымен қатар «Жібек жолы» бағдарламасының ынтымақ­тас­тығы аясында қытайлық әріптес­термен бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. 
Әлемде Қазақстанда бизнес жүргізуге деген зор қызығушы­лық бар. Елбасының жыл басы­нан бері мемлекет басшылары­-мен өткен кездесулерінің бары­сында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты эконо­ми­калық жағынан қуатты елдер­дің инвесторларымен жалпы құны шамамен 46 млрд доллар болатын 130 келісімге қол қо­йылды. Осы уағдаластықтары жүзеге асыру бізге әлемдік на­рықта сұраныс бар тауарлар өн­діруге, мыңдаған жаңа жұмыс орын­дарын ашуға мүмкіндік бе­реді.
Елбасы экономикалық өсім­-нің өңірлік драйверлерін қалып­тастыру маңыздылығын қадап айтты. Барлық инвестициялық жо­балар тікелей өңірлерде жү­-зеге асырылатын болады. Сон­дық­тан 6 макроөңірлер - Оң­түс­тік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол кар­тасы - 2020» бағдарламасы ма­к­роөңірлердің инвестициялық бағ­дарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Еңбек ресурстары­-ның жұмылғыштығын жоғары­лату бойынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің ең­бек күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет деп айтып өтті. 
Сондай-ақ макроөңірлер «Нұр­лы жол» бағдарламасы шең­берінде құрылатын біртұтас кө­ліктік, логистикалық және ком­му­никациялық құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Ор­та­лық - Оңтүстік», «Орталық - Шығыс», «Орталық - Батыс» ше­шуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. «Бор­жақты - Ерсай», «Алматы - Шу» теміржол желілері мен Құрық айлағындағы паромдық өткел құ­рылыстары жүргізілуде. Бұл жо­балар қазірдің өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарлама­лар­ды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырды.
ҚР Президенті Қазақстанның ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғаны жөнінде хабарды жариялады. Осылайша, бүгін Қазақстан ДСҰ-ға 162-ші мемлекет ретінде қосылып отыр. «Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең бо­лып саналады. Ол біздің елі­мізді толыққұқылы сауда серіктесі ретін­де тануға мүмкіндік бере­ді» деді Елбасы. Бұл өз кезегінде Ұлы Дала елінің әр тараптағы елдермен қаржылық байланысы күшейіп, емін-еркін сауда айна­лымын жасауына септігін тигі­зетіндігін баса айтты. Бұл сон­-дай-ақ шағын және орта биз­нес­тегі бәсекелестікті арттырып, ел кәсіпкерлерінің ширығуына жол береді. Ал оларға мемлекет тара­пынан қолдау көрсетіле бере­тін­дігі де зор ынталандыру тетігі екен­дігі де сөзсіз. ҚР Президенті Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біз­-дің еліміздің экспортшыларына, сонымен қатар экономикамыз­дың негізгі секторларына келетін инвестор елдер үшін де зор мүм­кіншілік беретіндігін баса айтты. Еліміз үшін бірқатар міндетте­мелердің болып, қиындықтардың да орын алуы мүмкіндігін ес­керт­ті. Яғни, қазақстандық тауар­ларды халықаралық нарыққа шы­­ғаратындардың бәсекеге қа­бі­летті болуы тиістігін атап өтті.
Астанада ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, жалпы, бүкіл Қазақ­станның экономикалық және ин­фрақұрылымдық дамуына жаңа серпін беретіндігі сөзсіз. ЕХРО-2017 жаңа инновациялар толқынын әкелмек. Бұл Қазақ­станда үдемелі индустриялан­ды­руды табысты жүргізуге, қар­қын­ды технологиялық серпін беру­-дің алғышарттарына, жаңадан өндірістер ашуға және жаңа жұ­мыс орындарына мүмкіндік бе­реді. ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өт­кізу бізге «жасыл технологиялар­ға» негізделген жаңа энергети­каны белсенді дамытуға жақсы екенін бермек. Яғни, ЕХРО-2017 - инновациялық экономика да­муының басты катализаторы бо­лып, Отанымызды жаңа ұлы биік­терге алып баратын жол болмақ.
Яғни, ЕХРО-2017 көрмесі ар­қылы Қазақстан жаһандық тех­нологиялық революцияның бір бөлігіне айналуға тиіс. Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шара­лар бізге болашақтың энергия­-сын дамыту үшін тың техноло­гия­лар тартуға көмектеседі. Елімізде қа­зірдің өзінде қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру сала­сында мемлекеттік саясат көңіл­дегідей жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі күні бүкіл жаһан жұрты ақпараттың алапат ағынына іле­суге ұмтылған. Әрине, бүгінгі өмір­ді онсыз елестету мүмкін емес. Себебі, ақпараттық техно­логиясы тереңдей түскен елдің барлық салада да алар асуы биік екені анық. 
Біздің ең негізгі бағытымыз - әлеуметтік-экономикалық мо­дер­низация болып табылады. Сондықтан біз осы Жолдауда айтылған тапсырмаларды бір­лесіп, абыроймен атқарып, та­бысты даму жолын одан әрі жал­ғастыратын боламыз. Бүгінгі әлемдегі дағдарыстың екпіні қуат­ты мемлекетке айналған, жаһандағы 30 елдің қатарынан орын алуға ұмтылған мұраты биік тәуелсіз Қазақстанды бағытынан жаңылдыра алмайды. Біз әр кез алға екпіндей баса береміз, біз алдымыздағы қиындықтың бәрін жеңеміз! Өйткені, біздің басты құндылығымыз тәуелсіздік, мұ­ратымыз - мәңгі ел болу!

Әбдіжапар САПАРБАЕВ,
 экономика ғылымдарының докторы,
профессор