Құны 2 миллион 250 мың доллар тұратын ең қымбат теледидар сатылымға түсті

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Құны 2 миллион 250 мың доллар тұратын әлемдегі ең қымбат теледидардың алғашқы партиясы сатылымға түсті.

Құны 2 миллион  250 мың  доллар  тұратын ең қымбат  теледидар  сатылымға түсті

Бұл туралы жұма күні британдық "Скай ньюс" телеарнасы хабарлады.

Supreme Rose деп аталатын теледидар 28 келі алтыннан және әрқайсысының көлемі 1 каратты шамалайтын 72 гауһартастан тұрады. Гауһар тастар аппараттың алдыңғы панеліне орнатылған. Теледидар сондай-ақ аметистермен де әшекейлендірілген.

Экраны диагоналы бойынша 140 см болатын теледидарды бағалы металдар мен асыл тастардан заманауи тұрмыстық техникалар жасаумен айналысатын "Стюарт Хьюз" компаниясы шығарып отыр.