12:10, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Құны аса қымбат трактор ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік-шығысында қаруланған қылмыскерлер автобазаға шабуыл жасап, құны аса қымбат тракторды ұрлап кетті.
Оқиға сәрсенбіге қараған түні орын алды. Қолдарында тапаншалары бар 5 қылмыскер Нижегородская көшесінде орын тепкен автобаза күзетшілерінің аяқ-қолдарын байлап тастап, "Джи-Эм-Си" тракторын алып кеткен.
Күзетшілердің біріне аяқ-қолын шешудің сәті түскен. Ол болған оқиға туралы полицияға мәлім етті. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздестіруде, деп хабарлайды Утро. ру.