Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрбан айт мейрамында Маңғыстауда тұңғыш медресе ашылды

АҚТАУ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Құрбан айт мейрамында  Маңғыстауда алғаш рет медресе ашылды,

Құрбан айт мейрамында  Маңғыстауда тұңғыш медресе ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Медресенің ашылу салтанаты Құрбан айттың алғашқы күні өтті. 

Діни курс ер адамдарға арналған. Онда  30-ға жуық адам қабылданбақ. Оқу мерзімі - 6 ай.

«Медресе Қазақстанның Діни басқармасының қолдауымен ашылып отыр. Мұнда Ислам университеттері секілді жоғарғы оқу орындарына дайындайды. Араб тілі, Құран Кәримді үйрену, Ислам негіздерінен сабақтар жүргізіледі»,-  дейді Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешітінің бас имамы Тілепберген Алламжарұлы.