Курчатовтың және Павлодардың жасөспірімдері әскери-патриоттық ойындар өткізді

СЕМЕЙ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Жартас» Курчатов балалар жасөспірімдер клубының «Патриот» және Павлодар қаласынан келген «Құйын» командалары әскери-патриоттық турнир өткізді. Сайысқа қатысушылар ыстық климаттық жағдайда жансақтау дағдыларын шыңдады және тактикалық тапсырмаларды орындады,

Курчатовтың және Павлодардың жасөспірімдері әскери-патриоттық ойындар өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир әскери бөлімшелердің бірінің бұрынғы атыс алаңының аумағында екі күн өткізілді. Бәсекелестікке қарамастан сайыста достық жеңіске жетті. Кездесудің соңында балалар әскери-патриоттық ойындардың «сайыс алаңдарында» жиірек кездесіп тұруға уәделесті.