Күрд содырлары Анкарада болған лаңкестік жауапкершілігін өз мойнына алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Күрдістан еркіндік сұңқарлары» (КЕС) жауынгерлік тобы түрік астанасындағы лаңкестікті өз мойнына алды. Бұл туралы ұйымның веб-сайтына сілтеме жасап Reuters-ке сілтемемен Lenta.ru хабарлады.
None
None

Содырлар Анкараға жасалған шабуыл Түрік президенті Реджеп Тайып Ердоғанның саясатына жауап екенін мәлімдеді. «Сұңқарлар» ел аумағына лаңкестік актілерді жалғастыра беретінін айтты.

Бұдан бұрын 19 ақпанда Ердоған астанадағы жарылысты ұйымдастырушыларды ұстау туралы хабарлаған. 18 ақпанда Түркияда әскери көлік жарылды, оған жауапкершілікті КЕС мойнына алды. 17 ақпанда Анкарада лаңкестік орын алып, 28 адам қаза тауып, 61 адам зардап шеккен. Жарылыс астананың әкімшілік орталығында бас штаб пен парламент ғимаратына жақын жерде орын алды.

Мина қойылған көлік әскери қызметшілер тасымалдаған автоколонна жақындаған сәтте болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің басым бөлігі Түркия Қарулы күштерінің өкілдері.

2015 жылғы 23 желтоқсанда КЕС содырлары ыстамбұлдық Сабихи Гекчен әуежайында атыс ұйымдастырған. Онда жарылыс салдарынан бір әйел көз жұмған.

«Күрдістан еркіндік сұңқарлары» түрік билігі террорлық ұйым деп таныған Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) филиалы болып табылады, алайда кейіннен олар бейбіт деп саналып КЖП-дан бөлініп шықты. Олар көбінесе лаңкестік актіні Анкарада, Ыстамбұлда, оңтүстік курортты қалаларда жасайды. Олар Ирак, Сирия және Түркия жерлерінің бөлігіне тәуелсіз күрд мемлекетін құру үшін айқасуда.

Соңғы жаңалықтар