Күрдістанның жұмысшы партиясы Иракта өз еркімен қаруын тастады
АСТАНА. KAZINFORM – Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясы (КЖП) Солтүстік Ирактағы рәсім кезінде өз жауынгерлерінің өз еріктерімен қаруларын тастап, оны «жағып» жібергенін растады, деп жазады ресейлік ТАСС.

Бұл туралы Түркияның Halk TV және күрдтердің Rudaw арнасы хабарлаған.
- Біз мұнда КЖП көшбасшысы Абдулла Оджаланның 2025 жылдың 19 маусымындағы үндеуіне орай келдік. Сондай-ақ біздің келуімізге КЖП-ның 5-7 мамырда өткен 12-ші Съезінің шешімі де негіз болды. Біз бүгін қаруды өз еркімізбен жойып отырмыз. Біздің бұл қадамымыз халқымызға, әсіресе әйелдер мен жастарға, Түркия мен Таяу Шығыс халқына, жалпы адамзатқа пайдасын тигізеді деген үміттеміз. Біз өңірлік және әлемдік державаларды біздің халқымыздың заңды, демократиялық құқықтарын сыйлауға және бейбіт, демократиялық реттеу процесін қолдауға шақырамыз, - деп келтірді партияның мәлімдемесін телеарналар.
Осыған дейін Күрдістанның жұмысшы партиясының өкілдері Иракта қаруларын тапсыратыны туралы жазған болатынбыз.