Күрдтерді қолдаушы газеттің бас редакторы 21 жылға сотталды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Түркия соты күрд тілінде шығатын түркиялық газеттің бас редакторын 21 жылға соттады,

Күрдтерді  қолдаушы   газеттің бас редакторы 21 жылға    сотталды

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, сот газетте Күрдістанның жұмысшылар партиясын қолдаған материалдар жарияланып келген деп санап отыр. Вашингтон мен Анкара бұл партияны лаңкестік ұйымдардың қатарына жатқызады.

Соңғы 4 жылда күрдтер партиясын қолдаушы газеттің бірнеше редакторы түрлі мерзімге кесіліп кете барды.