Екі қазақстандық төреші күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді

Күрестен Париж Олимпиадасында екі қазақстандық төреші қазылық етеді
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, төртжылдықтың басты додасында төрелік ететін 50 қазының қатарына Қазақстанның екі өкілі Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай енген.

Айта кетейік, Лигай Токио Олимпиадасында да қазылық еткен болатын. 

Еске салсақ, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Грек-рим күресінен 4 балуанымыз Париждегі додаға барады. Ал, еркін күрестен қазақстандық балуандар Олимпиадада үш салмақта бақ сынайды. 

Соңғы жаңалықтар