Құрғаған аумақтарда қорғаныш орман жолақтарын құру бағдарламасы әзірленеді

АСТАНА.  KAZINFORM  - Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. 

«Таза Қазақстан» Семейде: студенттер орман мен табиғатты қорғаудың сырын үйренді
Фото: Абай облысының әкімдігі

- Орман саясатының басым бағыттарының бірі – Арал мен Каспийдің шөлейттенуіне қарсы күрес жүргізу. 2021–2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған табанында 920 мың гектардан астам аумақта орман-мелиорациялық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табатын болады. Қазалыда жылына 3 млн көшет өндіруге арналған питомник салынды. Арал теңізінің құрғаған табанында қосымша жаңа питомник салынып жатыр. Қызылорда облысында Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылып, жалпы аумағы 1,3 млн гектардан асатын «Арал орманы» табиғи резерватын құру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр, - деді министр.

Ол Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу үшін Президенттің бастамасымен Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылғанын айтты. 

- Бүгінгі таңда министрлік Каспий маңы елдерімен Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу туралы мәселесін пысықтап жатыр. Сонымен бірге, Арал тәжірибе негізінде құрғаған аумақтарда қорғаныш орман жолақтарын құру бағдарламасы әзірленіп жатыр, - деді Ерлан Нысанбаев.

Айта кетейік, келесі жылы елімізге бірнеше кертағы мен жолбарыс жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар