Курил аралдарында зілзала болды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - «Оңтүстік Сахалин» сейсмикалық стансасының мамандары өткен тәулік ішінде оңтүстік Курил аумағында төрт жерасты дүмпуін тіркеген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзала сәрсенбі күні Шиашкотан, Кунашир, Шикотан аралдарының аумағында болған. Ең күшті жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,6 балл болған.

Құрбан болғандар мен бүліну болмаған, цунами қатері де жоқ.

Соңғы жаңалықтар