Құрылыс нысанына құжат беру: 89 қалада цифрлық жүйе іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің 89 қаласында бастапқы рұқсат құжаттарын, техникалық шарттарды беру цифрлық жүйе арқылы іске асырылып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.

Строительство многоквартирного дома, Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы, строители, құрылысшылар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

– Өткен жылдың қараша айында 89 қалада бастапқы рұқсат құжаттарын беру, эскиздік жобаларды келісу және техникалық шарттарды беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда осы қызметтер қала кадастры жүйесі арқылы штаттық режимде көрсетіліп жатыр. Пилоттық жоба іске қосылғаннан бастап түскен өтініштердің 91%-ына жүйе арқылы қызмет көрсетілді, - деді ол Үкімет отырысында.

Вице-министр кейбір жағдайда аталған цифрлық қызметті алу мүмкін емесін атап өтті.

— Жер учаскесі бас жоспардың шекарасынан тыс жерде орналасқан жағдайда жүйе арқылы өтініш беру мүмкін емес. Сондай-ақ, қала жобасында көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге жүйе арқылы қызмет көрсетілмейді. Бұл ретте, цифрлық құралдар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының бас жоспарға сәйкес еместігін анықтауға мүмкіндік береді. Әкімдіктермен бекітілген іс-шаралар жоспары орындалғаннан кейін көрсетілген мемлекеттік қызметтерді толықтай цифрлық форматқа көшіруге болады, - деп түйді сөзін Қуандық Қажкенов.

Айта кетейік, құрылыс объектісі әуелгі жобасынан ауытқымауы үшін бірегей нөмір енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар