Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс сараптама жүргізу тәртібі бекітілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс жобаларына жүргізілетін тәуелсіз кешенді сараптама мен қала құрылысы жобаларына арналған сараптама құнын анықтау қағидаларын бекітуді ұсынды. Осыған қатысты бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. 

разбился на стройке
Фото: Kazinform

Құжат ҚР Құрылыс кодексінің 24-бабы 27) тармақшасына сәйкес әзірленген. Аталған қағидалар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама мен қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібін регламенттейді.

— Атап айтқанда, қағидаларда құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыру көзделген, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығының жобасы аталған қағидаларды бекіту мақсатында әзірленгені көрсетілген.

Еске сала кетейік, V Ұлттық құрылтайда құрылыс компанияларының әкімдіктерге берген уәдесі орындалмай жатқаны проблема ретінде көтерілді. Құрылтай мүшесі Марат Шибұтов уәдесін орындамайтын компанияларға қомақты айыппұл салу керек деп отыр.

Соңғы жаңалықтар