Құрылыспен айналысуға рұқсат алған компаниялардың бәрі тексеруден өтуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында Құрылыс кодексінің жобасы талқыланып жатыр.

Құрылыспен айналысуға рұқсат алған компаниялардың бәрі тексеруден өтуі мүмкін
Фото: Александр Павский/Kazinform

Құжатты таныстырған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жаңа кодекс күшіне енсе, бұған дейін құрылыспен айналысуға мемлекеттен рұқсат алған кәсіпорындардың бәріне ревизия жасалатынын айтты. 

- Барлық берілген рұқсатқа тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс компанияларындағы жұмысшылар саны мен материалдық ресурстардың көлемін нақты уақыт режимінде бақылап, нарықтан біліктілігі жоқ компанияларды аластатуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Еске салсақ, Kazinform ұзақ уақыт бойы әрі қызу талқыланып келе жатқан Құрылыс кодексі жобасының айналасында қандай сын мен шағым бар екеніне шолу жасаған еді. 

Сондай-ақ елімізде құрылыс кодексі әзірленіп жатқанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар Шарлапаев құрылыс пен металлургия саласында пайда болған жаңа мамандықтарды атаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар