Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай-2026: Сайлаушылардың 53,12 пайызы дауыс берді


АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 6 696 002 адам таңдау жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов айтты. 

құрылтай
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:05

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

1. Астана қаласы бойынша — 40,92%.
2. Абай облысы бойынша — 63,07%.
3. Ақмола облысы бойынша — 61,15%.
4. Ақтөбе облысы бойынша — 60,87%.
5. Алматы облысы бойынша — 54,57%.
6. Атырау облысы бойынша — 54,49%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,21%.
8. Жамбыл облысы бойынша — 50,58%.
9. Жетісу облысы бойынша — 62,89%.
10. Қарағанды облысы бойынша — 62,79%.
11. Қостанай облысы бойынша — 55,86%.
12. Қызылорда облысы бойынша — 64,22%.
13. Маңғыстау облысы бойынша — 50,65%.
14. Павлодар облысы бойынша — 54,01%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 58,63%.
16. Түркістан облысы бойынша — 57,72%.
17. Ұлытау облысы бойынша — 53,31%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,10%.
19. Алматы қаласы бойынша — 30,36%.
20. Шымкент қаласы бойынша — 55,32%.

— Жалпы, еліміз бойынша сағат 14:00–де 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 пайызын құрайды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00–де беріледі, — деді ол.

Шавкат Өтемісовтің айтуынша, азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Құрылтай-2026: Сайлаушылардың 53,12 пайызы дауыс берді
Фото: Kazinform

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.