Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай-2026: Шет елде жүрген 6 007 отандасымыз дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай депутаттары сайлауында шет елде жүрген 6 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов айтты.

Атырау облысында вахталық жұмысшылар үшін екі сайлау учаскесі құрылды
Фото: ҚР ОСК

— Сағат 19-00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. 11 елде дауыс беру аяқталды. Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс берді. Шет елде дауыс беруді АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды. Қазақстан Республикасы Құрылтайын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдегі учаскелердің сайлау хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданады, — деді Арман Исетов.

Арман Исетов
Фото: ОСК

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.