Құрылтай Бюросы алдағы кезеңдегі заңнамалық күн тәртібін айқындады

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі айқындалды.

Құрылтай Бюросы алдағы кезеңдегі заңнамалық күн тәртібін айқындады
Фото: t.me/quryltairesmi

Алдағы Құрылтай отырысында депутаттар Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстанның ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау жобасын, Қазақстан мен Сербия Үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда қарайды.

Депутаттар Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру, Құрылтайдың Парламентаризм институтымен өзара іс-қимылы туралы мәселелерді қарайды. Бұдан бөлек, Құрылтайдың қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу туралы шешім қабылданды.

Тұрақты комитеттердің төрағалары Парламент Мәжілісінен өткен заң жобалары бойынша сөз сөйледі. Олардың қатарында денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер жобасы, мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі жаңа заң жобасы, ветеринария мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар пакеті, нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және тағы басқалар бар.

Айта кетелік Құрылтай жұмысын цифрландыру қалай жүретіні туралы жазған едік.