Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай депутаттарының сайлауына тағы 10 халықаралық байқаушы аккредиттелді

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауды байқауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Референдум в Казахстане
Фото: Александр Павский/Kazinform

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Сыртқы істер министрлігінен бес шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан ұсынылған 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. 

Атап айтқанда, Молдова Республикасынан — 4, Халықаралық парламентарийлер конгресінен — 1, Албания Республикасынан — 2, Кувейт мемлекетінен — 1, Армения Республикасынан — 1 және Палестина мемлекетінен — 1 байқаушы ұсынылды.

Осылайша, бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан жалпы саны 96 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар саны 86 адамға жеткенін жазғанбыз.