Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: бүгінге дейін 76 халықаралық байқаушы аккредитациядан өтті

АСТАНА.KAZINFORM — Құрылтай сайлауына тағы 16 халықаралық байқаушы аккредитациядан өтті. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.

Құрылтай сайлауы: бүгінге дейін 76 халықаралық байқаушы аккредитациядан өтті
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— 2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша, Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 16 байқаушыны аккредитациядан өткізу ұсынылған болатын. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан — 1, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан — 6, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан — 1, Грузиядан — 2, Иран Ислам Республикасынан– 2, Қырғыз Республикасынан — 2, Швеция Корольдігінен — 2 кандидатура ұсынылды. Аккредитацияны өткізу үшін ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөнінде деректер жаңартылып отырады, — деді ол.

Сонымен қатар ол бұған дейін 60 халықаралық байқаушы аккредитациядан өткенін айтты. Сонда бүгінгі 16 азаматпен қосқанда, халықаралық байқаушылардың саны 76-ға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінгенін жазғанбыз.