Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: ОСК тағы 405 байқаушыны аккредиттеді

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық сайлау комиссиясының отырысында Құрылтай сайлауына тағы 405 шетелдік байқаушы аккредиттелді.

центральная избирательная комиссия, орталық сайлау комиссиясы
Фото: Kazinform

- 2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 шет мемлекеттен, 9 халықаралық ұйымнан 405 бақылаушыны аккредиттеуді ұсынды. Атап айтқанда, ТМД байқаушылары миссиясынан - 75, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассаблеясынан – 23, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан – 208, Еуропа кеңесі Парламенттік ассемблеясынан – 23, Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылары миссиясынан – 10, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы байқаушылар миссиясынан – 22, ШЫҰ байқаушылары миссиясынан – 11, АӨІСШК байқаушылары миссиясынан - 9, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымынан – 7, Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд Корольдігі және Тәжікстаннан - 17 байқауш, - деді отырыс барысында ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Оның мәліметінше, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу әлі де жалғасып жатыр. Ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда Құрылтай депутаттарын сайлауға Орталық сайлау комиссиясы 656 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды пікірсайысқа партия төрағалары қатысады.