Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: СІМ шетелдік журналистерді аккредиттеуді ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын жариялауға ниетті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері үшін аккредиттеуді бастады. 

МИД РК, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік журналистер Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда бір аудармашымен бірге жүруге рұқсат етіледі.

Өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды

Айта кетелік Бас прокуратура сайлауалды үгіт жүргізу тәртібін түсіндірген еді