Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауын 10 мың қоғамдық байқаушы бақылайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қоғамдық байқаушылар Құрылтай сайлауын ұзақ мерзімді негізде қадағалайды. Олар сайлау күні, сондай-ақ, саяси науқанға дейін және одан кейін заңбұзушылықтар болмауын бақылайды.

Референдум в Казахстане
Фото: Kazinform / Александр Павский

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ұйым өкілдері республика бойынша 10 мың қоғамдық байқаушы оқыту үдерістерінен, арнайы семиинарлардан өтіп, даярланып жатқанын мәлімдеді.

– 23 тамыз сайлау күніне жақындағанда, байқаушыларымыз сайлау учаскелеріне барып, қарайды. Мүгедектігі бар азаматтарға тиісті жағдай жасалған ба, стендтердегі партиялар туралы ақпараттар көлемі бірдей ме, учаскелерде өзін-өзі ұстау ережесі бар ма, ол құжатқа қол қойылып, мөрмен бекітілген бе, т.б. мәселелерге мән береміз, – деді «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов.

Сонымен қатар, қоғамдық байқаушыларға қатысты статистикалық мәліметтер де айтылды. 10 мың азаматтың арасында: 24-35 жас аралығында – 20%, 35-50 жас аралығында – 70%, 50-65 жас аралығында – 10% байқаушы бар.

– Байқаушылардың 60%-дан астамы 500 мыңнан астам халқы бар қалаларда, 30%-ы аудан орталықтарында, 10%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Сондай-ақ, олардың 55%-ы әйел адамдар болса, 45%-ы ерлер. Байқаушылардың 67%-ының тәжірибесі бар. 23%-ы алдыңғы сайлауларда кемінде бір рет байқаушы болған. 10%-ы алғаш рет байқаушы болғалы отыр, – деді коалицияның тең төрағасы Сәбит Рыспаев.

Сонымен қатар, қоғамдық байқаушылар Құрылтай сайлауын ұзақ мерзімді негізде қадағалайды. Олар сайлау күні, сондай-ақ, саяси науқанға дейін және одан кейін заңбұзушылықтар болмауын бақылайды.

Айта кетейік, бұған дейін сайлауға дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.