Құрылтай сайлауына байланысты Алматыда қоғамдық көлік тегін болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі. Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады.
- Қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда Құрылтай сайлауына дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.