Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери бөлімдердің қысқа дайындығын тексерді

Бас қолбасшы жұмыс сапарының мақсаты әскери бөлімдердің қысқы кезеңге дайындығын, сондай-ақ гарнизон әскери бөлімдері әскери техникасы мен қару-жарағының сақталу және пайдалану жағдайларын, техниканы қысқы пайдалану режиміне көшіру нәтижелерін тексеру болатын. Генерал-лейтенант әскерлерді қысқы кезеңге тыңғылықты дайындау Қарулы Күштердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететінін атап көрсетті.
Әскери бөлімдерде болу барысында генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жеке құраммен кездесіп, олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларымен танысты, техника мен қару-жарақтың жай-күйіне, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы 16443 әскери бөлімінің базасында өткізіліп жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тыл қызметтері офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жиынында болып, оқу-жаттығу орындарының ұйымдастырылуына оң баға берді.
М. Майкеев Семей өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің қысқы кезеңге жақсы дайындығын атап өтті және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлім командирлерінің алдына күнделікті қызметтің іс-шараларын орындауға қатысты міндеттер қойылды.