Кұрлықтық хоккей лигасы мен Қазақстан чемпионаты клубтарының жанкүйерлері арасында хоккей турнирі өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Мамырдың 8-9-ында Астанада Кұрлықтық хоккей лигасы мен Қазақстан Республикасы чемпионаты клубтарының жанкүйерлері арасында хоккей турнирі өтеді.

Кұрлықтық хоккей  лигасы  мен  Қазақстан   чемпионаты  клубтарының  жанкүйерлері арасында хоккей турнирі  өтеді

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып отырған турнирге хоккей клубтары: «АвтоФАН» (Екатеринбург), «Омские Ястребы» (Омск), «Ертіс» (Павлодар), «Арлан» (Көкшетау) және «Барыс-Фанс» (Астана) жанкүйерлері командалары қатысады.

Омбыда өткен осындай турнирде, атап айтқанда «Батылдық Кубогы» турнирінде астаналық жанкүйерлер жеңіске жеткен болатын.