Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрманбек Ақжол Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Құрманбек Ақжол Азия рекордын жаңартты, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Құрманбек Ақжол Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Отандық спортшылар Өзбекстандағы ауыр атлетика додасында жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып келеді. Бұл жолы ерлер дивизионы өзін ең жоғары деңгейде көрсетті. Құрманбек Ақжол ерекше көзге түсіп, қос сайыс қорытындысы бойынша тарихи Азия рекордын орнатты және екі алтын медаль жеңіп алды.

Құрманбек Ақжол Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

— 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Азия құрлығы елдерінің мықты қарсыластарын, оның ішінде өткен жылдардағы әлем чемпиондарын сенімді түрде артта қалдырды. Акжол салмағы 198 келі зілтемірді көтерді — бұл оның өз салмағынан 2,5 есе артық. Осы көтерілісімен спортшы Азияның мықты атлеттері арасындағы алтын медальдар үшін тартысқа сенімді нүкте қойып, өз есімін әлемдік ауыр атлетика тарихына мәңгілікке жазды! — делінген хабарламада.

Құрманбек Ақжол Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ауыр атлетика федерациясы

Айта кетейік, спортшы жеке жаттықтырушысы Нұрболат Жаманқыздың жетекшілігімен жаттығады.

Осыған дейін Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болғанын жазғанбыз.