Құрманбек Бакиев Қырғызстанның Жалал-абад облысында жүр

БІШКЕК. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін «Кабар» ақпараттық агенттігінде баспасөз мәслихатында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік қызметі төрағасының міндетін атқарушы Кенешбек Дүйшебаев Қырғызстан Президенті Жалал-Абад облысында жүр деп хабарлады.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанның Жалал-абад облысында жүр

К.Дүйшебаевтың айтуынша, Қ.Бакиев қасында 15-20 адаммен облысты аралап жүр. «Біз оның қайта болғанын білеміз. Біз қарулы қақтығыстар болмауы үшін қатаң шаралар қолданудамыз. Ағайынды Бакиевтердің ақылмен әрекет жасауына сенеміз», - деді К.Дүйшебаев.

Сондай-ол К.Бакиевтің Мемлекеттік күзет қызметін басқарған інісі Жаныш Шу облысында жүргенін айтты. Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Ж.Бакиевті өзі келіп мойынсұнуға шақырды.