Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі Оралда қорытынды концертін қойды

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 9-ында «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі Оралда қорытынды концертін қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл құрылғанына 75 жыл толған атақты оркестр Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Дина сынды халық композиторларының күйлерін орындады. Сондай-ақ шетелдік классикалық шығармаларға, жеке орындаушыларға да кезек берілді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан халық әртісі Тұяқберді Шәмелов домбырадан күй төгілтті.

Концертті тамашалауға қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов оркестр ұжымына ризашылығын білдіріп, Қазақстанға әйгілі күйшілер мен әншілер шыққан Ақ Жайықта өнерді жылы қабылдай білетін жұртшылық қатары да сиремейтінін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар