Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрманғазы атындағы оркестр 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен атап өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі келді. Бүгін оркестр мүшелері облыстық филармонияның жанына жиналып, Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Құрманғазы атындағы оркестр 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен атап өтті

Ахмет Жұбанов алғашқы қазақ оркестрін құрған өнер иесі. «Біз оркестріміздің негізін қалаушының туған жеріне келіп, Ахмет Жұбановты еске алуды парызымыз деп санадық. Осы жазда біз гастрольдік сапармен АҚШ-та болдық және біз шетелдік көрермендерді қазақтың халық музыкасымен таң қалдырғанымызға қуныштымыз. Қараша айында Алматыда біздің мерейтойлық концертіміз өтеді», - дейді Құрманғазы атындағы оркестрдің директоры Нұрғиса Дәуешов. Оркестр концертімен Мұғалжар ауданында болды. Бүгін кешке Ақтөбедегі Жастар сарайында да концерт өтеді. Одан кейінгі концерттер Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Қобда аудандарында болады, кейін оркестр гастрольдік сапармен Маңғыстау облысына барады.