Құрылыс компаниялары әлеуеттерін сақтап отыр ? Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылыс бағдарламалары тоқтатылғанына қарамастан, Павлодар облысының құрылыс компаниялары өз әлеуеттерін сақтап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олардың басшылығы жаңа тапсырыстар іздестіруде, өз қызмет профильдерін өзгертуде және жұмысшыларды оңтайлы пайдалануға талпынуда, деп хабарлайды облыстық Құрылыс басқармасының бастығы Рүстем Баширов. Мысалы, «Стройсервис» ЖШС «Қ.Сәтбаев атындағы арна» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен құрылыс-құрастыру жұмыстарына келісімшарт жасасып отыр, Ақсу феррорқорытпа зауытымен жалпықұрылыстық жұмыстар туралы құжат қол қойылудың алдында. Ұжым жұмысқа мамыр айында кіріседі, қазір кәсіпорында құрылыс техникаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мекемеде жұмысшыларды қысқарту туралы жоспар жоқ. Ал «Автоматика» АҚ Маңғыстау облысында құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуде. «Жаңа-Құрылыс СПК», «Павлодарпромстрой», «Альянсстройстиль», «Промстройкомплекс» фирмалары болса облыс орталығының Усоль ықшамауданындағы кардиологиялық орталықтың құрылысының бас мердігерімен келісімге отырды. Бюджеттен қаржыландыратын тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы нысандардың құрылыстарына тапсырыстар алған ұйымдар да тұрақты жұмыс істеуде. Олардың көпшілігі жаз айларында студенттердің құрылыс жасақтарын жұмыспен қамтамасыз етуге дайын.