Құрылыс материалдары нарығында отандық өндірісшілердің үлесін алдағы 3-4 жылда 50 пайызға көтеруге мүмкіндік бар

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі таңда құрылыс материалдары нарығындағы отандық өндірісшілердің үлесі 10-15 пайыз шамасында.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан дағдарыс жағдайында құрылыс саласын дамыту мәселелеріне арналған бизнес форумда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрылыс материалдары нарығындағы отандық өндірісшілердің үлесін ұлғайтудағы мүмкіндік өте зор. Ол алдағы 3-4 жылда қазіргі 10-15 пайыздан 50 пайызға дейін өсуі мүмкін. Оған мемлекет тарапынан жасалып жатқан жәрдем өз ықпалын тигізбек», - дейді Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық саясат, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ғалым Әміреев. Оның айтуынша, қазір үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша қаржы институттарында әртүрлі бағдарламалар жасалып, қомақты қаржы бөлінуде. Бұл қаржының мөлшерлемесі 12-12,5 пайызға дейін төмендетілді.
Соңғы жаңалықтар