Құрылыс нысандарын салуға 14,7 млрд. теңге бөлініп отыр - БҚО

Облыстық құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 12,5 млрд. теңге республикалық, 2,2 млрд. теңге жергілікті бюджеттен берілді.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында және ұлттық қор есебінен тұрғын үй құрылысына 4,5 млрд. теңге қарастырылды. Биыл жалпы алаңы 39,0 мың шаршы метр 5 тұрғын үй (594 пәтер) іске қосылмақшы. Айталық, Оралда екінші тоқсанда Орал-Атырау және Орал-Саратов жолдары аралығындағы Зачаган кенті бөлігінде тоғыз қабатты, 144 пәтерлік үй пайдалануға берілмекші. Ұлттық қордан тұрғын үй құрылысжинақ банкі қатысушылары үшін 2,762 млрд. теңге бөлінді, бұл қаржыға құрылысы 2014 жылы басталған төрт тұрғын үйді аяқтау жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандар үшін жалгерлік үй құрылысын салуға республикалық бюджеттен 594,4 млн. теңге жұмсалатын болса, жас отбасыларға арналған баспанаға 162,674 теңге берілді. Сондай-ақ тұрғын үй аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 384,5 млн. теңге кетпек.
Сонымен қатар әлеуметтік сала нысандары құрылысына да қаржы қаралды.