Құрылыс салуға рұқсат беру процедуралары мен мерзімдерінің қысқартылуы - осы саладағы жемқорлықтың азаюына септігін тигізеді - Н. Тихонюк

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Құрылыс нысандарын салуға рұқсат беру процедуралары мен мерзімдерінің қысқартылуы - осы саладағы жемқорлықтың азаюына септігін тигізеді.
None
None

Бүгін, Астана әкімдігінде Құрылыс және сәулет заңнамасындағы жаңашылдықтарды талқылауға және түсіндіруге арналған семинар-кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Николай Тихонюк осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бизнес климатты жақсарту мақсатында сәулет және құрылыс заңнамаларына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Н. Тихонюктің айтуынша, республиканың үш Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Үкіметтің 3 қаулысы шықты. Соған сәйкес құрылысшылардың алдында тұрған көптеген кедергілер алынып тасталды.

«Барлық жүйені сараптау барысында бір міндетті бірнеше процедуралар атқаратын болып шықты. Құрылысқа тапсырыс берген кәсіпкер меморгандарға 16 құжат ұсынуы тиіс болған. Қазір бұл жүйені оңтайландырып, құжаттардың санын 4-ке жеткізідік. Құрылысшылар мен меморгандар арасындағы байланысты азайту арқылы жүйенің ашықтығына, жемқорлық көріністердің төмендеуіне қол жеткізуге тырыстық», дейді Н. Тихонюк.

Оның ойынша, процедуралар орындалмайтын болса, бизнес қауымдастық алдындағы кедергілердің қатарын көбейтпей, оларды алып тастаған әлдеқайда дұрыс.

Соңғы жаңалықтар