Құрылыс ұйымдарының өкілдері жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы мүшелерімен кездесті - БҚО
ОРАЛ. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Отделстрой» өндірістік кәсіпорнында өңірдегі құрылыс ұйымдарының өкілдері жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы мүшелерімен кездесті.
Аталмыш кәсіпорын директоры Валентина Михноның атап өткеніндей, алдағы сайлауда ел болашағы сынға түседі. Оның ойынша, бұл ретте мемлекеттік мәселелерді шеше алатын күшті де беделді билік керек.
Кездесуде құрылыс компанияларының басшылары осы салада қол жеткен табыстарға тоқталып, мұның барлығын Елбасы саясатымен байланыстыратындықтарын жеткізді.